Намаз уақыты

Құран онлайн

Пайдалы сілтемелер

kitap.kuran.kz

Исламның 5 шартының алғашқысы иман болса, екіншісі - намаз, яғни исламдағы алғаш парыз болған құлшылық, ол - намаз. Намаз - ең маңызды, мағынасы мен мәні терең кұлшылық. Оның ішінде Аллаһты мадақтау, ұлықтау, оған шүкір деп тәубеге келу, әрі кешірім сұрап, одан жәрдем тілеу, дұға ету, сол сияқты зікір ету.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазға «Діннің тірегі», «Мүміннің миғражы», «Жұмақтың кілті», «Көзімнің нұры» деп анықтама берген. Намаз - исламның ең маңызды ғибадаты, оны тәрк етушілер тозақ азабына душар болады: «Сендерді тозаққа кіргізген не нәрселер? «Біз намаз оқымадық»,- дейді олар» («Мүддәсир» сүресі, 42-43-аяттар). Намазды 5 уақыт оқу - парыз.

 

Бес уақыт намаз

Әрбiр ақыл-есi дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманның күнде бес уақыт намаз оқуы Құран Кәрiмде және хадис шәрифтерде әмiр етiлген.

Бақара сүресiнiң 238-аятында:

«Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер. Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар!» деп бұйырылды.

Жоғарыдағы аятта айтылған тасбих (пәктеу, ұлықтау) және хамд (мақтау) сөздерiнiң намаз мағынасына келетiндiгi тәпсiр кiтаптарында айтылған. Хұд сүресiнiң 114-аятында: «Күндiздiң екi жағында (түс, екiнтi уақыттарында) және түнге жақын үш уақытта (ақшам, таң, құптан уақыттарында) болған намаздарды толық орында. Шынында бұл жақсы амалдар, (бес уақыт намаздың сауабы кіші) күнәларды жояды. Бұл, ғибратпен түсiнетіндер үшiн бiр насихат» – деп бұйырылған.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) да: «Аллаһу та’ала құлдарына күнде бес уақыт намаз оқуларын әмiр еттi. Дұрыс дәрет алып, намазды уақытында оқыған, руку мен сәжделерiн толық орындаған пенделердің күнәларын Аллаһу та’ала кешiредi»- деп айтқан.

Бес уақыт намаз 40 рәкаттан тұрады. Бұлардың 17-сі парыз, 3-і уәжiп, 20 рәкаты сүннет. Олар мына төмендегiдей:

1. Таң намазы: 4 рәкат. Алдымен екi рәкат сүннетi, кейiн екi рәкат парызы оқылады. Бұл екi рәкат сүннет ең қуатты сүннет болып саналады. Тiптi мұны уәжiп дегендер де бар.

2. Бесiн намазы: 10 рәкат (4 рәкат алғы сүннет, 4 рәкат парыз, 2 рәкат соңғы сүннет).

3. Екiнтi намазы: 8 рәкат (4 рәкат сүннет, 4 рәкат парыз.)

4. Ақшам намазы: 5 рәкат (3 рәкат парыз, 2 рәкат сүннет.)

5. Құптан намазы: 13 рәкат (4 рәкат алғы сүннет, 4 рәкат парыз, 2 рәкат соңғы сүннет, 3 рәкат үтiр намазы).

Екiнтi мен құптан намаздарының алғы сүннеттерi ғайри муаккад сүннетке жатады. Бұлардың екiншi рәкатында отырғанда, “әттәхияттан” кейiн “Аллаһумма салли” және “Аллаһумма барик” дұғалары ақырына дейiн оқылады. Үшiншi рәкатқа тұрғанда, алдымен бисмиллаһ айтылмай тұрып, “Субханака” дұғасы оқылады. Ал, бесiн намазының алғашқы сүннетi Муәккад сүннет. Яғни қуатпен әмір етілген. Сондай-ақ бұл сүннеттiң сауабы да көп. Бiрiншi отырыста парыз намазындағыдай тек қана “Әттәхияту” оқылып кейiн үшiншi рәкатқа тұрады. Тұрғанда алдымен Бисмиллаһ айтылып кейiн “Фатиха” сүресi оқылады.

 

 

 

Іздеу

Голосование

Намаз уақытының кестесін қай түрде алғыңыз келеді?
 

Мусульманские праздники

Мусульманские праздники